Татьяна Савельеваның депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

2026 жылғы 7 қазанда Құрылтайдың жалпы отырысында депутат Татьяна Савельеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі., сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2026 10:30 Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі
2026 жылғы 7 қазанда Құрылтайдың жалпы отырысында депутат Татьяна Савельеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Өтемісов депутаттың өкілеттігін тоқтату туралы өтінішін таныстырды.

"Құрылтай депутаты Татьяна Михайловна Савельевадан өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш келіп түсті. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы ҚР Конституциясының 55-бабына сәйкес Құрылтай депутаты Татьяна Михайловна Савельеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін шешу үшін тиісті ұсынуды қарауларыңызға енгізеді", – деді Өтемісов.

Депутаттар өтінішті бірауыздан қолдады. Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай Татьяна Савельеваға депутат ретінде атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа қызметінде сәттілік тіледі.

Бұған дейін Савельева банк жүйесінде өтімділік көлемі айтарлықтай болғанымен, бизнесті несиелендіру құнының жоғары екеніне назар аударған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: