Жұлдыз Сүлейменова депутаттық мандатын тапсырды
Сурет: wikimedia
1 қазан 2025 жылы Мәжілістің жалпы отырысында Жұлдыз Сүлейменованың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Бұған дейін ол Қазақстанның Оқу-ағарту министрі қызметіне тағайындалған болатын.
"ОСК қаулысына сәйкес, берілген өтінішке байланысты Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату негізі туындады", – деді ОСК мүшесі Азамат Айманақұмов.
Өз кезегінде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов экс-депутатқа атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді.
"Барлық депутаттардың атынан Мәжілістегі белсенді жұмысыңызға ризашылық білдіремін. Жаңа қызметіңізде сәттілік тілеймін", – деді Қошанов.
Айта кетейік, Жұлдыз Сүлейменова 2025 жылғы 29 қыркүйекте Оқу-ағарту министрі болып тағайындалған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript