Қазақстанда ядролық материалдармен байланысты 147 оқиға тіркелді: депутат дабыл қақты

АЭС, атомная электростанция, производство электроэнергии, атомная промышленность, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2025 11:17 Фото: pixabay
2025 жылғы 1 қазанда Мәжілістің жалпы отырысында депутат Серік Егізбаев ядролық материалдармен заңсыз айналысу жағдайлары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттерде радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасын талқылау кезінде мұндай қызметті бақылаудың сенімділігіне күмән келтірді.

"МАГАТЭ деректеріне сәйкес, тек 2024 жылы ядролық және басқа да радиоактивті материалдарға қатысты заңсыз немесе рұқсат етілмеген қызметтің 147 жағдайы тіркелген. Бұл – өте алаңдатарлық белгі. Оның үстіне, ТМД елдерінде мониторинг жүйелерінің техникалық жабдықталу деңгейі түбегейлі әртүрлі. Келісімде үйлестіру қарастырылған, алайда нақты тетіктер көзделмеген. Біртұтас мониторинг жүйесінсіз кез келген келісім қағаз жүзінде қалуы мүмкін. Неге келісім жобасында кем дегенде цифрлық және спутниктік мониторингтің бірыңғай стандартын құру қарастырылмаған? Елдер деректерді әлі күнге дейін қолмен алмасып отырғанда, біз қандай қауіпсіздік жайында айта аламыз?" – деп сауал қойды депутат.

Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев құжатта мониторинг нормалары шынымен де айқындалмағанын, тек трансшекаралық тасымалдау режимдері ғана қарастырылғанын растады. Алайда ол мұндай қатынастар басқа келісімдер мен конвенциялар аясында толық реттелгенін айтты.

"Бұл халықаралық шарттарда жеткілікті дәрежеде нақты реттелген. Қазақстанда мониторинг жоғары деңгейде жүргізіледі, мобильді мониторинг қондырғылары жұмыс істейді. Сондай-ақ еліміздің мұндай жағдайларды мониторинг жасау, бақылау, жою, соның ішінде ластанған аумақтарды қалпына келтіру бойынша бірегей тәжірибесі бар. Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру шеңберінде біз жабдықтар, бірегей технологиялар және бақылау саласында үлкен тәжірибе алдық", – деп сендірді Сәтқалиев.

Айта кетейік, тамыз айында ядролық қалдықтарды жаңа мақсатта пайдалану тәсілі табылғаны хабарланған болатын. Бұл елге миллиондаған доллар үнемдеуге мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: