Қажетсіз күйзелістерге ұшыратады: Депутат Білім министрлігі цифрландырудың жетегінде кетті деп есептейді

Электронды білім беру жобалары мен бағдарламалары мұғалімдердің де, оқушылардың да көңілін қалдырды. Бұл туралы 2025 жылғы 12 ақпанда өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нұрлан Әуесбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Депутат өз сауалын Білім министрі Ғани Бейсембаевқа жолдады.
"Мұғалімдер мектептерде үздіксіз жүзеге асырылып жатқан түрлі "пилоттық" жобалар мен бағдарламалар соңғы уақытта мұғалімдердің де, оқушылардың да көңілін қалдыра бастағанын, олар толық игерілмей, білім беру жүйесіне кедергі келтіріп жатқанын атап өтті... Мұндай жобалардың оқушының іргелі біліміне айтарлықтай кері әсері болмасына кім кепіл? – деп сұрады Нұрлан Әуесбаев.
Мысал ретінде ол Түркістан облысындағы жағдайды келтіріп, тек 2024 жылдың өзінде білім беру ұйымдарында 20 пилоттық жоба енгізілгенін айтты.
"Электрондық асхана, Электронды кітапхана, BilimLand сияқты автоматтандырылған жүйелерден басқа, Alagan, Tolem, "MATATALAB", жобалары, Gode play цифрлық интеграцияланған білім беру жүйесі, IoT тақтасы, Codrone, Intellectum виртуалды ойындары сияқты жаңа технологиялар енгізілді. Шындығында бұл жобалардың қаншасы бүгінге дейін толық жүзеге асырылды? Нәтижелері күмәнді бастамаларды қолға алып, мұғалімдерді, оқушыларды және мектеп әкімшілігін қажетсіз күйзеліске ұшырату керек пе?", – деді Нұрлан Әуесбаев.
Мәжіліс депутаты Білім министрлігі басшысынан мұғалімдер мен балаларға түсетін салмақты азайту үшін бұл бағдарламаларды зерттеп, сапасыз бағдарламаларды алып тастауды сұрады.
Бұған дейін депутат Ислам Сұңқар қазақстандық жастарды жоғары біліммен қамтуды қалай кеңейтуге болатынын айтқан болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript