Пәтерін шетелдіктерге заңсыз жалға берген Орал қаласының тұрғындары жазаланды
Оларды полиция рейд жүргізу барысында анықтады. Бірақ, негізінен, мұндай фактілер келіп түскен аноним хабарламалардың арқасында жиі ашылып жатады, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін Орал өңіріне 70 мың шетелдік келіп жетті. Тұрғын үйді жалға алу және жолаушылар тасымалы құны әдеттегіден екі есе қымбаттап шыға келді.
Салықтан жалтарған осы адамдар бойынша әкімшілік материалдар жинастырылып, сотқа жолданды. Сондай-ақ, осы бұзушылықтар Әкімшілік кодекстің 463-бабына сәйкес 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғатынын айта кеткіміз келеді. БҚО бойынша МКД бас маманы Абылай Малаев
Орал қаласында шамамен 2,5 мыңға жуық орыс тұрақтауды жөн деп шешкен. Шекарадағы жағдай баяғыда тұрақтанған, тұрғын үй жалдау ақысы да төмендеді.
Пәтерді ай сайын жалға алу құны 50-ден 100 мың теңге аралығын құрайды. Дегенмен, баспананы заңсыз жалға беру мен заңсыз тасымал фактілерін анықтау жұмыстары алда да жүргізілетін болады.