Ақсуда әйелін ұрған тұрғыннан қару табылды

ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2022 16:02 Сурет: Zakon.kz
25 жастағы ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалып, 30 тәулікке қорғау нұсқамасы шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz таратқан ақпаратқа сай, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 09-30-да Ақсу қаласының полициясына қоңырау түскен.

Аталған мекенжайға учаскелік полиция инспекторы жіберілді. Оқиға орнына келген учаскелік полиция инспекторы ер адамның мас күйінде әйелінің бетінен ұрғанын анықтады, - дейді Ақсу қаласы полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаев.

Әкімшілік жазадан бөлек, аталған азаматтың тіркелген ИЖ-27 Е маркалы тегіс ұңғылы қаруы тәркіленді.

Өйткені, Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңына сәйкес қаруы тіркеуде тұрған, бірақ отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында заңсыз әрекет жасаған азаматтардан қару тәркіленеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: