Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтан тұрғыны бұрынғы әйелін көлігінің капотымен сүйреді

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2020 22:31 24.kz
"KIA Serato" жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593 бабы, 1 бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Нұр-Сұлтанда түннің бір уағында Гете көшесінің бойындағы вокзал алаңында отбасылық жанжал болды. Көлік ішінде отырған ерлі-зайыптылар жанжалдасып қалған, деп хабарлайды zakon.kz.

Әйелдің айтуынша, ол көліктен түскен, бірақ көлікте құжаттарыy ұмытып кеткен. Күйеуі есік ашпастан қозғала бастады, сол кезде әйел машинаның капотына секірген. Бұған қарамастан, жүргізуші жылдамдықты өсіріп, қозғалысын жалғастыра беріпті.

Куәгерлер капоттағы әйелді көріп, құқық бұзушыны тоқтатпақ болды, бірақ экс-күйеу жылдамдығын төмендетпей, өтіп бара жатқан басқа көліктерді басып озады. Нәтижесінде жүргізушілер ол көліктің алдын кес-кестеп, әрең тоқтатты. Бейнебақылау камералары арқылы жедел басқару орталығының қызметкерлері түнгі қуғынды байқап, оқиға орнына патрульдік полиция экипажын жіберді. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жүргізуші мен әйелді полиция бөліміне жеткізді. Бұрынғы ерлі-зайыптылардың ажырасу процесінен кейін бір-біріне реніші болмаған. Әйелге зақым келген жоқ.

Аталған факт бойынша "KIA Serato" жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593 бабы, 1 бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Нұр-Сұлтан полиция департаментінің басшылығы өз іс-әрекеттерімен жолдағы қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектескен қамқор жүргізушілерге алғыс білдіреді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: