Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда банкрот рәсімі кезінде мүлікті жасырғаны үшін азаматтарға айыппұл салынады

Банкрот кезінде мүлікті жасырғаны үшін айыппұл салынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2022 13:13 Сурет: Zakon.kz
29 желтоқсанда Парламент сенатының жалпы отырысында Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов жеке тұлғаларды банкроттық рәсімі аясында жалған ақпарат бергені немесе мүлікті жасырғаны үшін айыппұл салынатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр орынбасарының айтуынша, азаматтардың төлем қабілетін қалпына келтіру және банкрот туралы түзетулер банкрот рәсімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу қажет екенін көздейді.

"Мысалы, азаматтың кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару мақсатында қасақана банкроттық туралы өтініші үшін - 200 АЕК. Жалған ақпарат бергені немесе соттан тыс тәртіпте банкроттықтың шегінде мүлікті (ол туралы ақпаратты) жасырғаны, төлем қабілетін қалпына келтіргені үшін – 100 АЕК".Ержан Біржанов

Сонымен қатар спикер толықтырғандай, сот банкроттық және төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімін бұзғаны үшін қаржы менеджерлеріне 15-тен 100 АЕК-ке дейін жауапкершілік енгізіледі.

Ол ұсынылып отырған нормалар осы саладағы заңды бұзғаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидасын жүзеге асыруға бағытталғанын атап өтті.

1 желтоқсанда Ержан Біржанов жеке тұлғалардың банкроттығы және банкроттық рәсімі туралы заң жобасына кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, бұл заң жобасын әзірлеуге халықтың шамадан тыс несие жүктемесі және жалпы азаматтардың едәуір бөлігінің қаржылай жағдайының нашарлауы себеп болған.

2022 жылы АЕК мөлшері 3 063 теңге болды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: