Жаңалықтар тізбегі
0

Желтоқсан айында теңгенің нығаюына қандай жағдай әсер етті

Ұлттық банк, валюта нарығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2023 12:46 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ұлттық банкі ұсынған мәліметке сүйенсек, желтоқсан айының қорытындысы бойынша, теңге 1 АҚШ доллары үшін 462,66 теңгеге дейін 1,3%-ға нығайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 132 млн-нан 141 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды.

Ұлттық банктің баспасөз қызметінің мәліметінше, сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,95 млрд долларға тең болды. Бір айда валюта нарығы сұраныс пен ұсыныс тұрғысынан теңгерімді болды, айырбастау бағамы нарық талаптарына сай қалыптасты.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы өткен айдың ішінде шамамен 328,7 млн АҚШ долларына тең болды. Квазимемлекеттік сектор компаниялары валюта нарығында сатуды екінші деңгейлі банктер арқылы өз бетінше жүргізеді. 

Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, желтоқсанда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін 461 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату көлемі сауда-саттықтың жалпы көлемінен 16% болды немесе бір күнде 31 млн АҚШ долларынан аспады.

"Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде Ұлттық банк нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын тұрақты әрі біркелкі сату дегенді білдіреді. Бұл тәжірибе Ұлттық қор операцияларының валюта нарығына әсерін мейілінше азайтуға мүмкіндік береді".ҚР Ұлттық банкі

Зейнетақы активтерінің валюталық үлесін қолдау мақсатында Ұлттық банк желтоқсанда биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алды, оның жалпы сомасы 43,2 млн АҚШ долларын немесе нарықтың жалпы көлемінен шамамен 1,5% болды.

Ұлттық банк желтоқсанда валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: