Жаңалықтар тізбегі
0

"Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов қызметінен босатылды

Кадрлық өзгеріс Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қайрат Нематұлы Келімбетов "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы негіздегі Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

Қайрат Нематұлы Келімбетов 1969 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі мен білігі:

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Жоғарғы мемлекеттік басқару мектебін тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

2015 жылдың 24 желтоқсанында Қайрат Келімбетов Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен АХҚО басқарушысы болып тағайындалды. 

2013-2015 жылдары Қайрат Келімбетов ҚР Ұлттық банктің төрағасы болып еңбек етті.

2012-2013 жылдары ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып, макроэкономика, бюджет саясаты, мемлекеттік активті басқару және қаржы секторы, салық және кеден саясаты мәселелерімен айналысты, сонымен қатар Қазақстан Республикасы атынан Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы болды.

2011 жылы Қайрат Келімбетов ҚР экономикалық даму және сауда министрі болды.

2008-2011 жылдары елдің барлық мемлекеттік активтерін біріктірген "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорын басқарды.

Оған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жетекшісі, "Қазына" тұрақты даму қоры жетекшісі және экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғарғы экономикалық кеңесте қызмет етіп, ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігін басқарды, ҚР бірінші қаржы вице-министрі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: