Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысын қабылдады

Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысын қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2022 14:40 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовтің баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қайрат Келімбетов өзінің баяндамасында АХҚО-да әлемнің 65 елінен 1500-ден аса компания тіркелгенін айтты. Сонымен қатар:

  • тартылған инвестицияның жалпы көлемі 6,9 миллиард долларға жеткен;

  • Astana International Exchange (AIX) биржасы арқылы 321 миллион доллардан астам акционерлік капитал және 2,1 миллиард доллар қарыз капиталы тартылған;

  • АХҚО соты мен Халықаралық арбитраж орталығы жалпы 1200-ден астам даулы мәселені қарастырған;

  • Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының есебінде АХҚО-ның салық режимі салық ашықтығының жаһандық стандарттарына сай келеді деп танылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдің экономикалық дамуында «Астана» халықаралық қаржы орталығы маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, шетелдік инвестиция тарту жұмыстарын күшейту қажет екенін айтты.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: