Әуеде ұшу бір жылда 17% қымбаттаған
Аймақтық тұрғыда бағаның өсуін ең әуелі Батыс Қазақстан облысының тұрғындары сезінді: бірден плюс 67%. Көшбасшы үштікке Абай (жыл бойынша 57,3% плюс) және Қостанай (плюс 43,2%) облыстары да кірді. Қазақстанның 20 облысының ішінен тек Ұлытау және Алматы облыстарында бағаның төмендеуі байқалды: тиісінше 20,8% және 3,9%.
2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында авиакомпаниялар 11 миллион жолаушы тасымалдаған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 16,5% көп. Ең жоғары көрсеткіштер Алматыда тіркелді: 7,4 млн адам, плюс бір жылда 11%. Одан кейін Шымкент (3 млн адам) пен Астана (562,5 мың адам) тұр. Бұл туралы Energyprom.kz жазды.
Жолаушылар айналымы 20,1 млрд пкм болды. Бұл бұрынғымен салыстырғанда 35,7% өсті.
Былтырғы қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша әуе көлігімен жүк пен багажды тасымалдау 24,5 мың тонна болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 27,9% аз. Әуе жүктерін тасымалдау республиканың үш облысында – Алматыда (14,7 мың тонна), Шымкентте (6,3 мың тонна) және Астанада (3,5 мың тонна) ғана тіркелді.