Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда сұлулық салондарындағы қызметтер бір жылда 15% қымбаттады

Қазақстанда сұлулық салондарындағы қызметтер бір жылда 15% қымбаттады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2023 12:41 Сурет: pixabay
2022 жылдың соңында Қазақстанның сұлулық салондары, косметологиялық орталықтар мен шаштараздар 89,9 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Сонымен бірге бұл қызметтердің құны 15%-дан астамға өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2023 жылғы маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда сұлулық салондары мен шаштараздардың қызметтері 2022 жылғы маусыммен салыстырғанда 15,1% қымбаттады. Сонымен бірге бұл салада қызмет көрсету көлемі де артты.

2022 жылы Қазақстандағы әйелдер шаштараздары 28,5 миллиард теңгенің қызметін көрсетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 4,1 есе көп. Ерлер шаштараздары 10,6 млрд теңге (4,2 млрд теңгеге көп) табыс тапты, 2022 жылы косметологиялық қызмет көрсету көлемі 22,2 млрд теңге болды (бір жыл бұрынғы 10,4 млрд теңгемен салыстырғанда).

"Сұлулық салондарындағы басқа қызметтер 28,4 млрд теңге (2021 жылы – 11,2 млрд теңге) болды", - деп қосты Ұлттық статистика бюросы.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: