Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда Халықаралық валюта қорының миссиясы өз жұмысын бастады

Кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2023 19:54 Сурет: ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі
24 қаңтарда ҰЭМ-де Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин және Халықаралық валюта қорының бюджеттік мәселелер жөніндегі Департаментінің аға экономисі - миссия Басшысы Саже Де Клерктің кездесуі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың, Ұлттық ,анктің, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ, Жоғары аудиторлық палатаның, Экономикалық зерттеулер институтының және ХВҚ өкілдері қатысты, делінген ведомство хабарламасында.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, ХВҚ миссиясының жұмысын бастады. Техникалық көмек шеңберінде шетелдік сарапшылар бюджет-салық саласының ашықтық деңгейін бағалайтын болады. Атап айтқанда, бюджеттік есептілікті, салық-бюджеттік болжамдарды және бюджетті қалыптастыру, бюджеттік тәуекелдерді талдау мен басқаруды, сондай-ақ табиғи ресурстардан түсетін түсімдерді басқаруды зерделеу жоспарлануда.


Кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2023 19:54

Сурет: ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі


Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин атап өткендей, ХВҚ-ның бағалау қорытындылары бойынша ұсынымдары бюджет-салық саясатын одан әрі жетілдіру шеңберінде, оның ішінде жаңа Бюджет және Салық кодекстерін әзірлеу кезінде пайдаланылатын болады.

Халықаралық валюта қорының миссиясы 6 ақпанға дейін жалғасады. ХВҚ сарапшылары ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен, орталық мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: