Жаңалықтар тізбегі
0

Қуантыров Қазақстанның валюта нарығындағы жағдай туралы: Ревальвация басталды

ҚР Ұлттық экономика министрі, доллар, ревальвация, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2022 13:53 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанның валюта нарығындағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Доллардың бағамын қайта қараймыз (бюджетке енгізілген түзетулерде – ред.). Қазірдің өзінде доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 500 теңгеден төмен. Бұл факторлар бізде валюта бағамы тұрақтанып, ревальвация басталғанын көрсете бастады. Бұл жақсылықтың нышаны деп ойлаймын.Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров

Бұл ретте министр мұнай бағасы міндетті түрде ескерілетінін атап өтті.

Ескереміз (Каспий құбыр консорциумындағы жағдай. – Ред.). Бұл техникалық мәселе болғандықтан, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, алдағы екі-үш аптада жұмыс толық қалпына келуі керек. Уақытша шектеулер, КҚК-ның кейбір техникалық қуаттарының тоқтауына байланысты шығын өтеледі, сонымен қатар, мұнай бағасының жоғарылауы есебінен біз ұтуымыз мүмкін.Әлібек Қуантыров
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: