Мұнай саудада аздап арзандады
Астана уақытымен сағат 10:45-те Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің бағасы барреліне 0,22% арзандап, 86,21 доллар болса, ал WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 0,19%, 79,53 доллар болды.
Мұнай нарығындағы факторлар әлі де аралас. Біз Иран мен Қытайдағы жағдайды айтып отырмыз.
29 қаңтарға қараған түні Исфаханда Иран Қорғаныс министрлігінің әскери нысанына шабуыл жасалды. Бұл жағдай санкцияланған Иран төңірегіндегі саяси шиеленісті күшейтіп, Иран мұнайын нарыққа жеткізу перспективасына қауіп төндірді. Бұл туралы 1prime.ru жазды.
Инвесторлар Қытайдың карантинді жеңілдеткеннен кейінгі экономикасын қалпына келтіру перспективасын бағалап отыр. Себебі Қытай - әлемдегі ең ірі мұнай импорттаушысы және тұтынушысы.
"Қытайдың "жаңалығы" мұнай нарығындағы бағаларға әлі де қосыла қоймайды", - деді Capital Markets LLC сарапшылары.
11 қаңтарда үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов мұнайды Қазақстаннан Германияға экспорттау мүмкіндігі туралы мәселеге түсініктеме берді.