Жәрдемақы-2023: Қазақстанның көпбалалы отбасылары қанша алады

Жәрдемақы-2023: Қазақстанның көпбалалы отбасылары қанша алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2023 11:47 Сурет: Zakon.kz
Қаңтарда көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 532,6 мың отбасына 33,1 млрд теңге көлемінде төленді. Бұл туралы 21 ақпанда Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жәрдемақыға 4 немесе одан да көп баласы бар отбасылар сүйене алады. Ол үшін ата-анасымен бірге тұратын 18 жасқа толмаған балалар болуы керек. Немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студенттер болуы мүмкін.

Төлемдердің мөлшері балалардың санына байланысты сараланады:
  • 4 балаға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
  • 8 және одан да көп балаға – әр балаға 4 АЕК немесе 13800 теңге.
Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмағандағы мемлекеттік жәрдемақы енгізілді.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап балалы отбасыларға берілетін барлық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 8,5% өсті.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: