Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде 500 мыңға жуық көпбалалы отбасы жәрдемақы алады

Еңбек министрлігі, көпбалалы отбасы, жәрдемақы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2022 13:10 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен 496,9 мың отбасы қамтылды, оның ішінде қыркүйек айында 462 мың отбасына 26,5 млрд теңге жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еңбекмин атап өткендей, бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді:

  • 4 балаға – 50 975 теңге;

  • 5 балаға – 63 727 теңге;

  • 6 балаға – 76 479 теңге;

  • 7 балаға – 89 231 теңге;

  • 8 балаға – 101 760 теңге;

  • 9 балаға – 114 480 теңге;

  • 10 балаға – 127 200 теңге;

  • 11 балаға – 139 920 теңге;

  • 12 балаға – 152 640 теңге;

  • 13 балаға – 165 360 теңге;

  • 14 балаға – 178 080 теңге;

  • 15 балаға – 190 800 теңге;

  • 16 балаға – 203 520 теңге немесе әр балаға 12 720 теңге төленеді.

Көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: