Жеке банкроттық туралы заң іс жүзінде қалай жұмыс істейді: Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жауап береді
Конференция барысында Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы» жаңа Заңның нормаларын түсіндіріп, тақырыпқа қатысты азаматтарды толғандыратын сұрақтарға жауап береді.
Еске сала кетейік, 2022 жылы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңға қол қойды.
Заң 1 қаңтарда ресми түрде жарияланды. 2023 жылдың 3 наурызынан бастап қарыздары бар, сол қарыздарын өтей алмайтын азаматтар аталған Заң бойынша банкроттық туралы өтініш бере алады.
Халықаралық тәжірибені ескере отырып, заңда 3 түрлі рәсім көзделген. Олар – соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Аталған рәсімдерге тек қарыз алушының өзі бастамашы бола алады, яғни кредитор борышкердің банкроттығына өтініш беруге құқылы болмайды.
Іс-шара өтетін алаңда (бетте) маңызды сұрақтарды қоя аласыз немесе surak@prg.kz.-ке сұрағыңызды жібере аласыз.
Және youtube арнасынан онлайн конференцияны қарауға мүмкіндігіңіз бар.