Жаңалықтар тізбегі
0

Тауар бағасы түсе ме – Қаржы министрі жауап берді

Тауар бағасы түсе ме – Қаржы министрі жауап берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2023 12:28 Сурет: primeminister.kz
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2 наурызда парламент сенатының отырысында доллар құлдырап бара жатқанда тауар бағасы өзгере ме деген мәселе бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Қаржы министрінен елдегі тауар бағасының жағдайын сұрады. Министр бұл мәселе бойынша не күтуге болатыны туралы пікірін айтты.
"Біз тауар бағасы төмендейді деп ойлаймыз. Өйткені әдетте доллар қымбаттаған кезде импорт тауарларының бағасы көтеріледі. Осыған байланысты импорт тауарлардың бағасы біртіндеп төмендейді деп күтеміз".Ерұлан Жамаубаев
Оның пікірінше, жалпы экономикадағы инфляция біртіндеп төмендейді.

"Қазір инфляция ең жоғары көтерілетін айлар. Инфляция 20 пайыздан асты. Екі-үш айдан кейін төмендейді деп ойлаймыз. Нақтыланған бюджетте инфляция деңгейін біз 7,5-9,5 пайыз аралығында бағалап отырмыз".Ерұлан Жамаубаев
Министр үкімет бұл деңгейді бақылайтынын, сондықтан жалпы бағаның төмендеуі болжанғанын айтты.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың ақпан айында инфляция былтырғымен салыстырғанда 21,3% болды. Азық-түлік тауарларының бағасы 26,2%, азық-түлік емес тауарларға – 20,5%, ақылы қызметтердікі 15% өсті.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: