"Астана" тауар биржасына 258 мың теңге көлемінде айыппұл салынды

"Астана" тауар биржасына 258 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2023 15:27 Сурет: Zakon.kz
ҚР Сауда және интеграция министрлігі "Астана" тауар биржасына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Астана" тауар биржасы АҚ қызметін "Тауар биржалары туралы" ҚР заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу барысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі прокуратура органдарымен бірлесіп тауар биржасы қызметкерінің биржалық мәмілелерге қатысу фактісін анықтады. Ал бұған "Тауар биржалары туралы" ҚР Заңының 12-бабының 2-тармағында тыйым салынған", - делінген Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарламасында.

Агенттіктен алынған материалдар негізінде ҚР Сауда және интеграция министрлігі 2023 жылғы 1 наурызда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 268-бабының 1-бөлігі бойынша Астана ТБ қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.

Істі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қарау қорытындысы бойынша Астана ТБ 75 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: