Жаңалықтар тізбегі
0

10 наурыздағы саудада доллар күрт қымбаттады

Теңге, доллар, еуро, рубль бағамы, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2023 15:49 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,82 теңгеге көтеріліп, 445,98 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, Алматы уақытымен 12:00-де 63,63 теңге (+0,51) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 465,6 теңге, рубль бағамын 5,82 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 449-454 теңгеден, еуро 474-483 теңгеден, ресей рублі 5,7-6 теңгеден саудаланып жатыр.
10 наурыз, жұма күнгі саудада мұнай бағасы біршама төмендеді. Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері барреліне 0,58%-ға төмендеп, 81,12 доллар, WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері 0,79%-ға төмендеп, 75,12 доллар болды.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: