Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде дәрі қымбаттады: бұл - 2017 жылдан кейінгі ең үлкен өсім

Елімізде дәрі қымбаттады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2023 14:11 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Сарапшылардың есебіне сай, Қазақстанда дәрі-дәрмек бір жылда бірден 13,6% қымбаттады. Олардың айтуынша, бұл 2017 жылдың қаңтарынан бергі ең жоғары жылдық өсу қарқыны болып саналады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар Energyprom.kz сарапшылары 2023 жылдың ақпан айында фармацевтикалық өнімдердің бағасы бір айда 1,2% өскенін де жариялады.

"Кейінгі жылы фармацевтикалық өнімдер бағасының ай сайынғы айтарлықтай өсуі наурыз және сәуір айларында (1,7%-ға), одан кейін қазанда (1,6%-ға) байқалды", - делінген хабарламада.

Жыл динамикасы бойынша фармацевтика өнімдері 13,6% қымбаттады. Сонымен қатар өңірлік контексте жыл сайынғы өсім Алматы облысында 7,2%-ға дейін, Алматыда 21,2%-ға дейін өзгерді.

Сонымен қатар айтарлықтай өсім мына өңірлерде тіркелді:

  • Маңғыстау облысы (18,3%).
  • Солтүстік Қазақстан облысы (15,4%).
  • Қызылорда облысы (15,3%).
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: