18 сәуірдегі саудада доллар қымбаттады

Доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2023 15:57 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,35 теңгеге көтеріліп, 451 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланға бағамы Алматы уақыты бойынша сағат 12:00-де 65,40 теңге (+0,31) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 492,31 теңге, рубль бағамын 5,52 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау пункттерінде доллар 451-454 теңге, еуро 494-500 теңге, ресей рублі – 5,4-5,7 теңге аралығында саудаланып жатыр.

18 сәуірде әлемдік мұнай бағасы сәл өсті. Маусымдағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,13% өсіп, барреліне 84,88 доллар, маусым айындағы WTI фьючерстерінің бағасы 0,15% өсіп, барреліне 80,95 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: