Доллар тағы арзандай түсті

Доллар, теңге, рубль, еуро, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2023 16:37 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,36 теңгеге төмендеп, 455,04 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақытымен 12:00-де төмендеп, 65,93 теңге (-0,02) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 501,93 теңге, рубль бағамын 5,62 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 451,5-455 теңге, еуро 499-504 теңге, ресей рублі 5,4-5,7 теңге аралығында сатылып жатыр.

Мұнай бағасы тұрақты болып қалды. Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің бағасы 0,1%-ға төмендеп, барреліне 82,46 доллар болды, ал WTI маркалы мұнайдың маусымындағы фьючерстері 0,09%-ға арзандап, 78,69 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: