Жаңалықтар тізбегі
0

Банктер қазақстандықтардың алаяқтар алған несиесінің орнын толтыруға міндетті болуы мүмкін

Банктер қазақстандықтардың алаяқтар алған несиесінің орнын толтыруға міндетті болуы мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2023 13:15 Сурет: freepik
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандықтардың алаяқтар алған несиесінің шығынын өтеу мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс алаңында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасы Мәдина Әбілқасымова зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу үшін екінші деңгейлі банктермен және мемлекеттік органдармен заңнамалық механизм әзірленіп жатқанын айтты.

"Бұл не жалған несие болуы мүмкін, не қарыз алушының өз қаражатынан айырылуы болуы мүмкін. Бірақ мұнда сот шешімі болмаса, қаржы мекемесінен мұндай өтемақы жүзеге асырылмайды. Екіншіден, өте маңыздысы, егер ақпараттық қауіпсіздіктің өзі немесе ақпараттық жүйелер салымшының қаражатын алуға мүмкіндік берсе, яғни салымшының кінәсі болмаса, онда банктің залалды өтеу жөніндегі міндеттемесін заңнамалық деңгейде қарастырғымыз келеді".Мәдина Әбілқасымова

Қазір алаяқтық транзакциялардың барлық типологиялары, ақпараттық қауіпсіздік талаптары, сақталуы тиіс мобильді қосымшалар үшін нақты жазылған механизм мен алгоритм әзірленіп жатыр.

"Егер бұл талаптар бұзылса, қаржы мекемелері үшін тиісті зардабы болады".Мәдина Әбілқасымова

Заң жобасын мәжіліске 2023 жылдың маусым айының соңына дейін енгізу жоспарланып отыр.

Бұған дейін қазақстандықтарға Telegram мессенджерінде несие беретін алаяқтардың белсенді болып кеткені ескертілген еді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: