Жаңалықтар тізбегі
0

Сот Tengri Bank-ті мәжбүрлі түрде таратты

tengribank.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2020 20:30 tengribank.kz
Талап-арыз сотқа ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі атынан түскен.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Tengri Bank" АҚ қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы талап-арызды қарады, деп хабарлайды zakon.kz.

Талап-арыз сотқа ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі атынан түскен.

Талап қанағаттандырылды. 5 қарашада сот Tegri Bank АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарды. Шешім заңды күшіне енген жоқ және оған қарсы шағым түсіруге болады.

17 қыркүйекте ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысымен Tengri Bank-ті банктік және өзге де операцияларды жүргізу лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданды. Банк пруденциалдық нормативтерді жүйелі түрде бұзып, қадағалау шаралары мен қосымша капиталдандыру жөніндегі уәкілетті органның талаптарын орындамады.
2020 жылдың басынан бастап банк клиенттері ақшасын алып, жаппай кете бастады, бұл банктің үздіксіз жұмыс істеуі үшін өтімділіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуіне кедергі келтірді. 2020 жылдың наурызынан бастап Tengri Bank төлемдер мен ақша аударымдары бойынша шарттық міндеттемелерін толығымен орындаған жоқ.

Агенттік банкке қатысты 11 қадағалау шарасын қабылдап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 36 хаттама толтырды. Кейінірек Алматыдағы экономикалық тергеу департаменті Tengri Bank басшылығына қатысты "Өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе ысырап ету" бабы бойынша тергеу бастағандығы белгілі болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: