Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР төлем балансының ағымдағы шоты 1,6 млрд доллар тапшылығымен қалыптасты - ҰБ

Төлем балансы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2023 19:19 Сурет: pixabay
2023 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша төлем балансының ағымдағы шоты 1,6 млрд доллар тапшылығымен қалыптасты. 2022 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша 4,8 млрд АҚШ доллары көлемінде профицит тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ағымдағы шоттың оң деңгейден теріс аймаққа ауысуы, ең алдымен, сауда балансы профицитінің төмендеуіне байланысты. Ол 58,3%-ға немесе 7,1 млрд АҚШ долларына төмендеп, 5,1 млрд АҚШ долл. құрады. Профициттің төмендеуі тауар импортының ұлғаюы аясында экспорттың қысқаруына себеп болды".  ҚР Ұлттық банкі

Сондай-ақ төлем балансының әдістемесімен қалыптасқан тауар экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,4%-ға қысқарып, 18,8 млрд АҚШ доллын құрағаны да нақтыланады. Ал экспорттың төмендеуі мұнай мен газ конденсатының экспорты 25,7%-ға немесе 3,5 млрд АҚШ долларына қысқаруына себеп болды.

"Төлем балансының әдістемесімен қалыптастырылған тауар импорты 41,4%-ға өсіп, 13,7 млрд долларға жетті. Бұл – келіп жатқан импорттың барлық санатының өсуіне байланысты. Ең көп өсім азық-түлікке жатпайтын тұтыну (67,2%-ға немесе 1,4 млрд АҚШ долл.) және инвестициялық тауарларда (61,7%-ға немесе 1,1 млрд АҚШ долл.) байқалды", делінген хабарламада.

ҚР Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, резервтік активтер (Ұлттық қордың активтерін қоспағанда) 36,2 млрд АҚШ долларға бағаланды. Бұл қазақстандық тауарлар мен қызметтер импортының 6,9 айындағы қаржыландыру қажеттілігін жаба алатыны да нақтыланады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: