Жаңалықтар тізбегі
0

Кейінгі 3 жылда Қазақстан туризміне 4 млрд доллар инвестиция салынған

Кейінгі 3 жылда Қазақстан туризміне 4 млрд доллар инвестиция салынған, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2023 12:18 Сурет: Zakon.kz
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 2020-2022 жылдар аралығында Қазақстанның туристік саласына 4 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынған, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Мысалы, былтырғы инвестиция көлемі 513,3 млрд теңге болған. Сонымен қатар Қазақстанда аталған кезеңде 400-ден астам туристік нысан салынған.

Министрліктің мәліметінше, былтырдан бастап мемлекеттік қолдау шараларымен туризм объектілерін салу, тау шаңғысы курорттарын дамыту және туристік автобустар сатып алу жөніндегі жобалар қамтылды. Сонымен қатар туроператорларға шетелдік туристерді тартқаны үшін субсидиялар беріледі.


"Бұдан басқа, ел ішінде саяхаттайтын Қазақстан азаматтары үшін балалар авиабилеттері субсидияланады. Шетелдік инвесторларды тартуға, оның ішінде түрлі преференция беру арқылы ерекше көңіл бөлінеді", - деді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: