Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда сауықтыру туризміне сұраныс артқан

Қазақстанда сауықтыру туризміне сұраныс артқан Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда 173 шипажай-курорты жұмыс істейді. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, кейінгі жылдары ішкі және шетелдік туристер арасында сауықтыру туризмінің танымалдылығы артқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрліктің ақпаратынша, еліміздегі қолайлы климаттық жағдай, күн сәулесі, бірегей минералды қайнар көздері мен емдік балшық орындары емдеу-сауықтыру нысандарының дамуына септігін тигізіп жатыр. Мысалы, оңтүстіктегі Сарыағаш шипажайлары қабыну процесін емдеуге көмектесетін және адам ағзасының жалпы жағдайына оң әсер ететін, ұзақ мерзімді аурудан кейін иммунитетті қалпына келтіруге көмектесетін минералды қайнар көздерімен танымал. Айта кету керек, Сарыағаштың Көктерек кенті - еліміздегі шипайжайлардың ең көп шоғырланған орны.

Шығыстағы Қатон-Қарағай термалды радон қайнарлары емдік қасиеттері бойынша халықаралық бәсекелестерінен кем түспейді және түрлі эндокриндік ауруларды емдеуге көмектеседі. Аталған өңірдің табиғаты жазда да, қыста да бірдей әдемі. Бұл жергілікті шипажай-курортты аймақтарға жылдың кез келген уақытында демалуға мүмкіндік береді.

Ал еліміздің батысындағы шипажайлар буын, жүйке жүйесін, гинекологиялық және урологиялық патологияларды, тері ауруларын емдеуге және алдын алуға бағытталған. Бурабай және Қостанай қарағайлы ормандарының экологиялық таза ауасы, емдік балшығы, әдемі таулы ландшафт және бірегей табиғи көрікті жерлер денсаулығын жақсартқысы келетіндер үшін тағы бір сұранысқа ие шипажай-курортты аймаққа айналдырды.

 "Шипажай-курортты кешендердің көбі жыл бойы жұмыс істейді. Бұл маусымнан тыс уақытта бағаны төмендетуге мүмкіндік береді, сол арқылы демалыс пен емдеуді одан әрі қолжетімді етеді. Кейбір пансионаттар атпен серуендеу, тарихи және табиғи көрікті жерлерге экскурсиялар жүргізу, түрлі спорттық және ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру және тағы басқа бірқатар қосымша қызметтерді де ұсынады", - деді Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: