10 мамырдағы саудада доллар сәл арзандады

Доллар, теңге, рубль, еуро, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2023 17:43 Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасы (KASE) 17:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,99 теңгеге төмендеп, 444,10 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күндізгі саудада доллар бағамы 444,16 (-0,93) болды.

Еуроның орташа сараланған бағамы 486,96 теңге (-5,19) болды.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,75 теңге (-0,03) болды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Астана уақытымен 12:00-де 0,13 теңгеге төмендеп, 64,23 теңге болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар 442-446 теңге, еуро 487-492 теңге, ресей рублі 5,6-5,8 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: