2023 жылы Қазақстанның мемлекеттік қарызы 25 триллионнан асты
Сурет: Zakon.kz
ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәжілісте 2022 жылы тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының көлемін жариялады. Сонымен қатар ол 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 25,3 трлн теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік борыш 25,3 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнім 24,9% болды. Оның ішінде үкіметтің борышы жалпы ішкі өнімге 21,7% немесе 22 трлн теңге көлемінде", - деді министр.
Есепті жылы бюджет тапшылығы 2,4 трлн. теңге немесе жалпы ішкі өнімге 2,4% құрады. Бюджет тапшылығы ішкі көздер есебінен қаржыландырылды.
Сонымен қатар ол жалпы Ішкі өнім өсімі 3,2% болғанын айтты. Бұл мақұлданған болжамды мәннен 1,1 проценттік тармақ жоғары.
"Негізгі факторлар: қызмет көрсету секторындағы, нақты сектордардағы өсім; экспорт өсуінің жоғары қарқыны есебінен сауда теңгерімінің нығаюы; құрылыстағы және қызмет өндірісіндегі жоғары инвестициялық белсенділік болды", - деді Ерұлан Жамаубаев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript