18 мамырдағы саудада доллар сәл арзандады
Сурет: freepik
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,58 теңгеге төмендеп, 449,19 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақыты бойынша сағат 12:00-де төмендеп, 63,88 теңге (-0,24) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 486,97 теңге, рубль бағамын 5,57 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 446-450,5 теңгеден, еуро 486-491 теңгеден, ресей рублі 5,5-5,8 теңгеден саудаланып жатыр.
18 мамырда Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 0,39%-ға төмендеп, 76,66 доллар, WTI маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстері 0,41%-ға төмендеп, 72,55 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript