22 мамырдағы саудада доллар 3 теңгеге арзандады

Доллар, теңге, рубль, еуро, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2023 15:53 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,16 теңгеге төмендеп, 445,12 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 63,41 теңге (-0,06) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 484,22 теңге, рубльді 5,62 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 444-446,5 теңгеден, еуро 480-484,5 теңгеден, ресей рублі 5,4-5,6 теңгеден сатылуда.

Ал, 22 мамырдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Лондон қор биржасында ICE (InterContinental Exchange Futures) Brent маркалы мұнай фьючерстерінің баррелі 0,66 долларға арзандап, 74,92 доллар болды.

Нью-Йорктың NYMEX биржасында (New York Merchantile Exchange) Lite маркалы мұнайдың бағасы 0,59 долларға арзандап, барреліне 70,96 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: