23 мамырдағы саудада доллар тағы арзандады
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 3,18 теңгеге төмендеп, 441,74 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 63,53 теңге (-0,88) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 484,22 теңге, рубльді 5,62 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 443-445,5 теңге, еуро 478,5-482,5 теңге, ресей рублі 5,4-5,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 23 мамырдағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
Brent маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстерінің бағасы 0,16%-ға өсіп, барреліне 76,11 доллар болса, WTI маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстері 0,21%-ға өсіп, барреліне 72,2 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript