Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75 пайыз деңгейінде қалдырды

Ұлттық банк, базалық мөлшерлеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2023 12:34 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,75 пайыз деңгейінде қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Базалық мөлшерлемені сақтау туралы шешімді Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті қабылдады.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады", делінген Ұлттық банк таратқан хабарламада.

2022 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16%-дан 16,75%-ға дейін өсіретінін хабарлады. Содан бері базалық мөлшерлеме өзгерген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: