Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме жөнінде түсініктеме берді

Ұлттық банк, базалық мөлшерлеме, инфляция, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2023 12:43 Сурет: Zakon.kz
26 мамыр күні ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде сақтап қалғанын мәлім етті. Бұл шешімді Банктің Ақша-кредит саясаты комитеті қабылдаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық банк бұл шешімді жаңартылған болжамдар, деректерді талдау және инфляция тәуекелдерінің балансын бағалау негізінде қабылданғанын атап өтті.

"Сыртқы ортаның проинфляциялық қысымы бәсеңдеп келеді. Әлемдегі инфляция, атап айтқанда, сауда-серіктес елдердегі инфляция қуат көзі мен азық-түліктің әлемдік бағасы төмендегендіктен, баяулай бастағынын көрсетіп отыр. Тұрақты нақты айырбастау бағамы аясында сыртқы бағалардың мейілінше баяу өсуі елдегі инфляцияның бәсеңдеуіне қолайлы жағдай жасап отыр".ҚР Ұлттық банкі

Банктің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта сыртқы инфляция тарапынан қысымның әлсіреуі есебінен тәуекелдердің жиынтық балансы дезинфляциялық факторлар жағына аздап ығысқан.

Бұл 2022 жылғы қыркүйектен бастап инфляцияның тұрақты бөлігіндегі көрсеткіштердің баяулауын қоса алғанда, осы жылдың екінші жартысында базалық мөлшерлеменің біртіндеп және баяу төмендеуіне мүмкіндік тудыруы ықтимал.

"Жылдық инфляция 2023 жылғы сәуірде 16,8%-ға дейін баяулады. Инфляция құрылымында азық-түлік компоненті мейлінше тез қарқынмен баяулап келеді. Бұл ретте жылдық инфляцияның төмендеуі ЖЖМ бағасының өсуіне байланысты аздап қарқын алған азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуімен тежелді. Айлық инфляция 0,9% деңгейінде сақталып, орташа тарихи мәндерден жоғары қалыптасты".ҚР Ұлттық банкі

Алайда, 2022 жылғы қыркүйектен бастап базалық және маусымдық фактор ескерілмеген инфляцияның көрсеткіштері төмендеп отыр. Банк өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл инфляцияның тұрақты бөлігі мен проинфляциялық қысымның біртіндеп әлсіреуін көрсетеді.

"Инфляциялық күтулер құбылмалы және қысқа мерзімді шоктарға сезімтал болып отыр. Сәуір айында алдағы бір жылға күтілетін инфляция 16,7% құрады (наурызда – 16,5%). Бұл ретте респонденттер бағаның өсу факторлары ретінде тұрғын-үй коммуналдық қызметтердің (ТКҚ) қымбаттауын, ЖЖМ мен дәрі-дәрмектер бағасының көтерілуін атап өтті. ТКҚ тарифтерінің жоспарлы көтерілуі мен ЖЖМ бағасының іс жүзінде өсуі халықтың күтулерінде ішінара көрініс тапты".ҚР Ұлттық банкі

Алдын ала күтілгендей, жаһандық инфляцияның баяу үрдісі жалғасып келеді. Бірақ әлі де орнықты түрде жоғары бағаланады.

"Осыған байланысты орталық банктер монетарлық талаптарды күшейтуді жалғастырды. Азық-түліктің әлемдік бағасының өсуі мен сауда-серіктес елдердегі инфляцияның баяулауы елдегі тұтыну бағасының одан әрі баяулауына қолайлы жағдай жасайды".ҚР Ұлттық банкі

Банк өкілдері дәнді дақылдар бағасының өсуі күтілген қарқынынан жылдамырақ баяулап келе жатқанын алға тартып, астық мәмілесін іске асыруға және ұсыныстың жоғары деңгейіне байланысты астық бағасының одан әрі төмендеуі болжанып отырғанын айтты.

"Бұл әлемдегі азық-түлік инфляциясының одан әрі баяулауына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Мұнай нарығы Қытай экономикасының қалпына неғұрлым баяу келуіне, жоғары әлемдік инфляцияға және орталық банктердің тежеу саясатына байланысты бірқалыпты дамиды деп күтілуде.

"Осы факторларды ескере отырып, базалық сценарийде мұнайдың орташа бағасы 2023 және 2024 жылдарға бір баррель үшін 82 және 80 АҚШ долларына дейін төмендеу жағына қарай қайта қаралды".ҚР Ұлттық банкі

Ұлттық Банктің алдыңғы болжамдарында ескерілмеген ТКҚ тарифтері бойынша шекті бағалардың жоспарлы көтерілуін және іс жүзіндегі ЖЖМ бағасының өсуін, сондай-ақ жоғарырақ фискалдық импульсті ескере отырып, инфляция болжамы жаңартылды.

"Осылайша, базалық сценарийде биыл жылдық инфляция 11-14%, 2024 жылы – 9-11%, 2025 жылы – 5,5-7,5% шегінде болжанады. 2023-2024 жж. тұтыну бағаларының индексіне ЖЖМ және ТКҚ көтерілген бағасының жанама үлесін Ұлттық банк 1-2,5 п.т. шегінде бағалайды. Дегенмен, инфляцияның төмендеу динамикасы жалғаса береді. Бұған азық-түліктің әлемдік бағасының төмендеуі және жылдық инфляция төмендеген сайын тежегіш сипатқа ие бола бастаған ақша-кредит шарттары ықпал етеді".Ұлттық банк

Сонымен қатар бюджет тапшылығының жоспарлы азаюы және 2024-2025 жылдары бюджеттік қағиданы сақтауға оралу кезінде сыртқы инфляция мен инфляциялық күтулердің баяулауы жалғасады деп болжанып отыр.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: