2023 жылдың барысында Қазақстаннан 75 тонна мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің жолы кесілді

Мұнай өнімдері, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2023 19:15 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
2023 жылдың 5 айында ЕАЭО кедендік шекарасындағы автомобиль өткізу пунктінде (Түркістан облысы) Өзбекстан Республикасына жалпы көлемі 42 665 литр мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің 128 фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Есептелген айыппұлдың жалпы сомасы 4,6 млн теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен арадағы шекарасында орналасқан автомобиль өткізу пункттерінде (Ауыл АӨП, Жезкент АӨП, Қоянбай АӨП, Байтанат АӨП, УБА АӨП, Қайрақ ө/п, Ақбалшық ө/п, Өрлітөбе ө/п, Қосақ ө/п) және Қырғызстанмен (Кеген ө/п, Айша-бибі ө/п, Қордай ө/п, Сыпатай батыр ө/п) мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің 427 фактісі анықталды, жалпы көлемі - 32 354 литр, есептелген айыппұл сомасы 11,5 млн теңгені құрады.

Бұдан басқа, Мемлекеттік кірістер комитеті "АСТАНА-1" электрондық декларациялаудың ақпараттық жүйесінде әкетуге тыйым салынған мұнай өнімдерін кедендік декларациялауға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдады.

Айта кетсек, 2023 жылғы 31 қаңтардан бастап алты ай мерзімге ҚР аумағынан автомобиль көлігімен бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынған.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: