Жаңалықтар тізбегі
0

Мұнай өнімдерін заңсыз сақтап, өткізумен айналысып келген қарағандылық ұсталды

Қарағанды, ҚР ҚМА, мұнай өнімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2022 10:59 Сурет: Zakon.kz
ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері мұнай өнімдерін шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз заңсыз иемдену, сақтау және өткізу фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәлімдеуінше, Шмидт С. өз үйінің аумағындағы гаражда құжатсыз мұнай өнімдерін сақтау және өткізу үшін үш цистернаны пайдаланған.

2021 жылы ол дизельдік отынды тасымалдауға және өткізуге заңдылығын растайтын құжаттарсыз әрқайсысының көлемі 1000 литр болатын екі цистерна орнатқан жүк-жолаушы типті көлікті қайта жөндеуден өткізген.

Шмидт С.В. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу» туралы Заңының талаптарын бұзған, яғни мұнай өнімдерін олардың шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатып алу, сақтау және өткізуді іске асырған. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Сот үкімімен Шмид С.В. қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындай отырып, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Ведомство сот шешімімен тінту кезінде табылып, тәркіленген дизельдік отын мемлекет пайдасына айналдырылғанын мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: