Жаңалықтар тізбегі
0

15 маусымдағы саудада доллар бағамы өсті

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,70 теңгеге көтеріліп, 451,82 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 62,93 теңге (+0,32) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 486,31 теңге деп белгіледі. Рубль бағамы өзгерген жоқ – 5,35 теңге.

Ақша айырбастау орындарында доллар 449,5-453 теңге, еуро 488-492,5 теңге, ресей рублі 5,27-5,51 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Әлемдік мұнай бағасы кешегіден кейін қайта көтерілді.

Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің бағасы барреліне 73,3 долларға дейін 0,48%-ға, WTI маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстері 68,61 долларға дейін, 0,5%-ға өсті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз