Жаңалықтар тізбегі
0

12 маусымдағы саудада доллар бағамы өсті

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2023 16:19 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,66 теңгеге көтеріліп, 447,32 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 62,45 теңге (+0,03) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 479,4 теңге, рубльді 5,4 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 446-450 теңге, еуро 482-487 теңге, ресей рублі 5,29-5,53 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 12 маусымдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 74 доллардан түсті. Астана уақытымен 15:30-дағы жағдай бойынша Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 1,77%-ға арзандап, 73,02 доллар болды.

Шілде айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 1,83%-ға арзандап, 68,33 доллар болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: