16 маусымдағы саудада доллар арзандады
Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,86 теңгеге төмендеп, 450,99 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 63,32 теңге (+0,39) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 490,04 теңге, рубльді 5,39 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 448,5-452 теңге, еуро 492,5-497,5 теңге, ресей рублі 5,31-5,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің бағасы 15:35-тегі жағдай бойынша 0,50%-ға арзандап, барреліне 75,17 доллар болды, ал WTI маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстері 0,53%-ға төмендеп, 70,08 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript