2 маусымдағы саудада доллар арзандады

Темір жол, монополия, үстеме пайда, монополист, Бас көлік прокуратурасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2023 16:21 Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,77 теңгеге төмендеп, 447,90 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы керісінше өсіп, 63,09 теңге (+0,07) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 480,44 теңге, рубльді 5,56 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 446-449,5 теңге, еуро 482,5-486,5 теңге, ресей рублі 5,41-5,65 теңге аралығында сатылып жатыр.

Ал 2 маусымдағы сауда кезінде әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

ICE Futures электронды саудасында Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны барреліне 0,48%-ға өсіп, 74,64 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері барреліне 0,46%-ға өсіп, 70,42 доллар болды.

Жалпы, апта басынан бері Brent маркалы мұнай 2,57%-ға, WTI 3,35%-ға арзандады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: