2 ақпандағы саудада доллар сәл арзандады

Доллар, теңге, еуро,  рубль, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2023 15:57 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,88 теңгеге төмендеп, 459,92 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 68,53 теңге (+0,28) болды.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Рубльмен сауда аяқталмады. Еуро бағамын Ұлттық банк 501,56 теңге, рубльді 6,57 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 459-462,5 теңгеден, еуро 501,5-507 теңгеден, ресей рублі 6,35-6,6 теңгеден саудаланып жатыр.

Ал 1 ақпандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы сәл көтерілді.

ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің құны барреліне 0,49%-ға өсіп, 83,25 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында наурыз айындағы WTI фьючерстері 0,63%-ға өсіп, барреліне 76,89 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: