Жаңалықтар тізбегі
0

14 ақпандағы саудада доллар сәл арзандады

Теңге, доллар, юань, еуро, рубль Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,16 теңгеге төмендеп, 451,17 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 66,25 теңге (+0,22) болды.

Еуро мен рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 483,06 теңге, рубль бағамын 6,14 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 450-453,5 теңгеден, еуро 484-489 теңгеден, ресей рублі 5,95-6,2 теңгеден саудаланып жатыр.

Ал 14 ақпандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің құны 0,70%-ға арзандап, барреліне 86 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында наурыз айындағы WTI фьючерстері 1,11%-ға арзандап, барреліне 79,25 доллар болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз