10 тамыздағы саудада доллар арзандады
Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,16 теңгеге төмендеп, 445,03 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да аздап төмендеп, 61,61 теңге (-0,18) болды.
Еуроның бүгінгі бағамын Ұлттық банк 489,93 теңге, рубльді 4,59 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар – 445,1-447,7 теңге, еуро – 489,5-493,5 теңге, ресей рублі – 4,57-4,77 теңге аралығында сатылып жатыр.
Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің құны бүгін барреліне 0,62%-ға өсіп, 88,06 доллар болды. Нью-Йорк тауар биржасында қыркүйекте жеткізілетін WTI мұнайының фьючерстері 0,67%-ға өсіп, барреліне 84,85 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript