8 тамыздағы саудада доллар арзандады

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2023 16:10 Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,56 теңгеге төмендеп, 445,88 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы аздап төмендеп, 61,78 теңге (-0,04) болды.

Еуроның бүгінгі бағамын Ұлттық банк 487,28 теңге, рубльді 4,69 теңге деп белгіледі.

7 тамыздағы KASE кешкі сауда сессиясының мәліметі бойынша, еуроның теңгеге шаққандағы бағамы 4,70 теңгеге өсіп, 490,34 деңгейінде тоқтады.

Ақша айырбастау орындарында доллар – 445,5-448,1 теңге, еуро – 489-493 теңге, ресей рублі – 4,63-4,85 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Сейсенбіде мұнай бағасы төмендеді: Brent маркалы мұнайдың қазандағы фьючерстері барреліне 84,11 доллар (-1,44%), WTI маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері барреліне 80,83 доллар (-1,36%) болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: