Жаңалықтар тізбегі
0

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы жабыла ма

ӨКМ, автобус паркі, жеңілдетілген автонесие, ҚР ИИДМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2023 14:51 Сурет: freepik
20 маусымда Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов "Қазақстандықтар үшін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы жабыла ма?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-министр халық наразы болатынын түсінетінін, бұл жағдай жоспардан тыс болғанын айтты.
"Біз бұл бағдарламаны іске қосқан кезде мұндай сұраныс болады деп ойлаған жоқпыз, нәтижесінде сұраныс біз зерттегеннен әлдеқайда жоғары деген қорытындыға келдік, тиісінше, алмаған адамдар наразы болады. Біз мұны жақсы түсінеміз". Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов

Оның айтуынша, ҚР ИИДМ сұранысты толық қанағаттандыра ала ма, соны есептеген.

"Біз нарықтағы барлық сұранысты қанағаттандыра алмайтынымыз белгілі болды. Қолымыздан келмейді – айналымда қалу үшін біз жыл сайын жүздеген миллиардтар құйып отыруымыз керек". Ілияс Оспанов

Ол ӨКМ қаражатын барынша тиімді ету міндеті тұрғанын және осы жылдың басынан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бағдарламаны қайта форматтауды ойластырғанын атап өтті.

"Қазір бізде бірінші нұсқа болды – бірінші кезекте халықтың мұқтаж бөлігі несие алатындай ету жолы". Ілияс Оспанов

Оның сөзінше, қазір бағдарламаны пысықтау міндеті тұр.

"Біз бұл тапсырманы әлі алып тастаған жоқпыз. ҚДБ бойынша ойластырып жатырмыз". Ілияс Оспанов

Ол негізгі басымдықта автобустар мәселесі тұғанын, соны жедел шешу керек екенін айтты.

"Қазір бұл керек, бұрын жеке тасымалдауышларды қанағаттандырған, субсидиялау арқылы пайдалана алған базалық мөлшерлеме қазір өкінішке қарай, жарамсыз, автобус паркін жаңартуды тоқтатпау үшін осы бағдарламаны іске қосамыз", – деп түйіндеді сөзін Ілияс Оспанов.

Маусымның 20-сы күні Ақордада Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автонесие бойынша жиналған қаражат қоғамдық көліктерді несиелендіруге бағытталуы мүмкін екенін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: