Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк жеңілдетілген ипотекаға негізделген жаңа бағдарлама болатын-болмайтынын айтты

Ұлттық банк жеңілдетілген ипотекаға негізделген жаңа бағдарлама болатын-болмайтынын айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2023 15:31 Сурет: freepik
Ұлттық банкінің басшысы "Жеңілдетілген ипотекаға негізделген жаңа бағдарлама құру жоспарда бар ма?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлады Zakon.kz.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, қазір реттеушінің қатысуымен бір ғана жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама жүзеге асып жатыр.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз уәде еткен "7–20–25" бағдарламасы бар және оны кем дегенде 2029 жылға дейін орындаймыз. Бізде жоспарлар, бюджеттер бар және тапсырылғанның бәрін орындаймыз. Жаңа ипотекалық бағдарлама бойынша мұндай бағдарлама қажет болса, оны не әкімдер, не мемлекеттік холдингтердің қаражаты есебінен қаржыландыру керек".Тимур Сүлейменов

Спикер Ұлттық банктің "7–20–25" ипотекасынан басқа қосымша жеңілдікті ипотекалық бағдарламалары жоқ екенін атап өтті.

"Мен жеңілдетілген бағдарламаларға қарсы емеспін. Бұл расында да халықтың кейбір топтарына көмектесуі керек. Бірақ біріншіден, мұны үкімет істеуі керек. Екіншіден, тек көмекке мұқтаж адамдарға ғана көмектесу керек. Тек нарыққа ақша құйылса, бұл нарықтың қызып кетуіне және бұқараға қолжетімдіктің төмендеуіне әкеледі ".Тимур Сүлейменов

Ұлттық банк басшысы заңға сәйкес, оның ведомствосы ипотекалық бағдарламалармен, автокөлік несиелерімен немесе индустриялық серпінді жобаларды қолдау бағдарламаларымен тікелей айналыспайтынын еске салды.

"Кейбір кезеңде, коронавирус болған кезде немесе басқа да әлеуметтік қиындық кезінде, әрине, Ұлттық банк алға шығып, үкіметпен бірлесіп кейбір бағдарламаларды жүзеге асыруы мүмкін. Бірақ қазір бізде тұрақты жағдай бар. Экономикалық өсу - 4,9%. Негізгі капиталға жақсы инвестиция бар. Жұмыссыздық деңгейі - 4,7%, яғни экономикамыз толық қарқынмен жүріп жатыр. Қазір Ұлттық банк өзінің негізгі функцияларын тастап, басқа нәрсеге жүгіретін дағдарыс құбылысы жоқ".Тимур Сүлейменов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: