3 шілдедегі саудада доллар арзандады

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2023 16:14 Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,13 теңгеге төмендеп, 448,13 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 61,83 теңге (-0,52) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 490,22 теңге, рубльді 5,17 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 450-453 теңге, еуро 490,5-495 теңге, ресей рублі 5,01-5,25 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 3 шілдедегі саудада әлемдік мұнай бағасы төмендей түсті.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің құны барреліне 0,70%-ға арзандап, 74,88 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының тамыздағы фьючерстері 0,79%-ға арзандап, барреліне 70,08 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: